Алматыда тал түсте үш жігіт үш қызды соққыға жығып тонап кетті

Оқиға түс мезігінде Алматыдағы Орталық стадионның маңында болған. Әңгімелесіп отырған үш қызды үш жігіт ту сыртынан келіп таспен ұрып, бағалы заттарын тонап кеткен.  Бұл туралы, әлеуметтік желі қолданушылары басылым тілшісіне хабарлаған.

Куәгерлердің айтуынша, Есентай өзені бойынан жүгіріп шыққан үш жігіт қолдарындағы таспен қыздарды бастарынан ұрып, естерінен тандырып қолдарындағы сөмкелерін алып қашқан. Жедел жәрдем келгенше қыздардың бірі қансырап қалған.

Әзірге, жараланған қыздардың қайсы емханаға жеткізілгендігі және жағдайларының қалай екендігі белгісіз. Оқиға орнына жеткен, Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің мамандары оқиға орынын тексеріп, қылмыскерлерді іздестіруге кіріскен. 
http://www.gu-gu.kz/
 сайтынан алынды.