Күдіктіге «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесін өткізуге бағытталған қаражатты аса ірі көлемде ұрлауға қатысты айып тағылды.
«Саят Нәдірбаев ЭКСПО-ны өткізуге жұмсалатын қаржыны ұрлап, шоттан аудару бойынша тапсырмаларды өзі орындаған. Кейіннен алынған ақшаны Т. Ермегияевке жіберіп отырған», - делінген баспасөз хабарламасында.
С.Нәдірбаев 2015 жылдың тамызынан бері іздеуде жүрген. Оны жасырып қалуға тырысқан тұлғалардың кім екендігі де анықталды.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Қазір күдікті қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.