Алматыда тамыз айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі

жан басына шаққанда 22 185 теңгені құрады. Бұл туралы Алматы қаласының Статистика департаментінен хабарлады.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі әдеттегідей, тамыз айындағы негізгі азық-түлік өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларын есептеу арқылы алынды. Бұл көрсеткіш өткен шілде айымен салыстырғанда 2 пайызға, ал 2013 жылдың тамыз айымен салыстырғанда 4,5 пайызға өсті. 

Оның құрылымында ет және ет өнімдеріне кеткен шығындардың үлес салмағы - 20,1 пайызды, май мен тоң май - 3,3 пайызды, сүт, жұмыртқа және ірімшіктер - 12,7 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштер - 2 пайызды, көкөніс пен жеміс-жидектер - 12,6 пайызды, балықтар - 2,1 пайызды, нан өнімдері мен жарма өнімдері 7,2 пайызды құрайды.