Алматыда тапаншамен қаруланған топ мейрамханаға қарақшылық шабуыл жасады


Мейрамхана әкімшісі:

- Қайта атыстан кейін тәртіп сақшылары тез келді. Жеткендері сол еді, бұзақылар қашып құтылды. Сегіз жігіт болған, тек үшеуін ұстап отыр ғой қазір.

Мейрамхана әкімшілігінің айтуынша, 8 мәрте оқ атылыпты. Тонау кезінде, жұмысшылардың дені ас үйге қашып құтылғандарын айтады. Бірақ, бұзақылар оны да қоймай есіктерін бұзып кіріп, қорқытуларын ары қарай жалғастырған. Қазір қарақшылық шабуыл жасаған 8 қылмыскердің 3-уі қолға түсті. Анықталғандай қаскөйлер жұмыссыз, біреуі ұрлығы үшін сотты болған екен. Барлығы уақытша тергеу абақтысына тоғытылды. Ал участкелік полициядан сытылып үлгерген 5-азаматты тәртіп сақшылары іздестіруде.