Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, гүлзарда демалып жатқан жастар тонаушылардың құрбандарына айналған. "Қарақшылар 21 жастағы жігіттің басына "Оса" тапаншасын тіреп тұрып, ақшаларын, бағалы заттары мен ұялы телефондарын беруді талап еткен, ал қыз айқайлап адамдарды көмекке шақырған",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. "Сасқалақтаған қарақшылардың бірі жігіттің басынан атқан, ал оның сыбайласы қыздың басынан ауыр затпен ұрған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлердің хабарлауынша, он минут өткеннен кейін полицияға бір әйел қоңырау шалып, өз үйінің ауласында екі жас жігіт оны тапаншамен қорқытып, ірі көлемде ақша салынған сөмкесін тартып алып кеткендігін хабарлаған. "Қарақшылардың бұл құрбаны да басынан жарақат алып, дәргерлердің көмегін қажет еткен",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, шабуылшылар сол күні кешке ұсталған. Белгілі болғандай, қылмыскерлердің бірі орта мектептің 8-сынып оқушысы болып шықты. "Ал оның сыбайласы небәрі 19 жаста. Жас жігіттер барлық заттай дәлелдерді тәркілегеннен кейін, екі шабуылдың да нақты жоспарланып жасалғандығын мойындады",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.