Қараша айының басында үйінің ауласында оқтан қаза болған жігіт коммерциялық банктердің бірінің қызметкері болған.
Сәрсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, ұсталған жігіт сыбайласымен бірге алаяқтық жолмен пластикалық карточкадағы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған, 7 млн теңгені бермей алып қалу үшін банк қызметкерін өлтіруге тапсырыс берген.
Полиция деректеріне қарағанда, қылмысты тікелей орындаған Павлодар облысының 28 жастағы тұрғыны және ұйымдастырушы Алматы облысының 33-жастағы тұрғыны ұсталған.
"Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы қамауға алынған, Павлодар облысында оқ тиген орындаушы медициналық мекемеде, оны полиция күзетуде", делінген хабарламада.