Алматыда тараздық есірткі тасушы бір мектептің аумағында 2 килограммдай гашиш сатуға әрекеттенген сәтте құрықталды

"Ол Алматыдағы бір орта мектептің ауласында есірткі сатпақ болып жатқан сәтте ұсталды. Одан тәркіленген гашиштің салмағы 1 килограмм 740 граммға тең",- дейді полициядағылар.

Тұтқын 22 жаста. Бұған дейін сотталмаған.

Жалпы алғанда өткен тәулікте Алматы қаласының тәртіп сақшылары үш есірткі сатушыны, соның ішінде үш адамды героин сатқаны үшін құрықтады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті