Алматыда тәртіп сақшылары қаланың элиталық ауданында пәтер тонаумен шұғылданған екі адамды ұстады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың 11 пәтер тонау оқиғасына қатысы бар екені анықталды. Соңғы жолы олар 6 млн. теңге тонап, ішінде құжаттары бар сейфті қала сыртында өзенге тастап жіберген.

Ұсталғандардың бірі кәсіби темір шебері. Төрт мәрте сотталған. Олар тұратын 70-ші разьездтен тәртіп сақшылары "бір фургонға жуық айғақзаттарды тапты".

Қазір полиция күдіктілердің әрекетінен зардап шеккендерді анықтауда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті