Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол ұялы байланыс ұстамайтын аумақ - "Қызыл Сай" лашығында қалып қойған.
"Оның қасындағы екі серігі Үлкен Алматы көлі маңындағы демалыс орнына дейін жетіп, болған оқиға туралы құтқарушыларға хабарлаған. Көмек көрсету үшін Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына аттанды. Құтқарушылар туристі 3500 метрден астам биіктіктен "Алма-Арасан" экобекетіне дейін эвакуациялады", делінген хабарламада.
Төмен түскеннен кейін ер адамның жағдайы жақсарып, медициналық көмек қажет болмаған. Одан әрі туристер үйлеріне өздігінен қайтқан.