Көрме үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Қазақстанның іскер әйелдері» деп аталады. Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің кепілдіктері туралы» заңы, еліміздің гендерлік саясатының материалдары мен құжаттары қойылды. Олар: «Қазақстандағы гендерлік зерттеулер», «Гендерлік зерттеулер, гендерлік саясат және Орталық Азиядағы әйелдер қозғалысы: себебін анықтау», «Қазақстандық іскер әйелдер» және т.б. қойылды.
Келесі бөлім «Ана - ғұмыр» деп аталады. Мұнда, Қазақстан ақын-жазушыларының, көрнекті қайраткерлердің ардақты аналар туралы еңбектері қойылды. Олардың арасында белгілі жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың таңдаулы драмалық туындылары, қазақ халқының қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлының «Музей апа» атты әңгімелер жинағы, Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың еңбектері және т.б. көптеген материалдар бар.
Үшінші бөлім «Қазақстан өнерінің жұлдыздары» деп аталады. Бұл бөлімге Кеңес Одағының халық әртісі, қазақ халқының бұлбұлы Күләш Байсейітова, ҚР Халық қаһарманы Роза Бағланова, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, халық әртісі Шара Жиенқұлова, Әмина Өмірзақова және тағы да көптеген аты танымал әйелдер туралы кітаптар мен құжаттар қойылды.