Алматыда театр өнері қайраткерлерінің ХІ республикалық практикумы өтіп жатыр

Іс-шараны ұйымдастырушылар - ҚР Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті мен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ.

Практикумға Қазақстанның аймақтық театрларының 80-нен аса бас режиссерлері мен көркемдік жетекшілері қатысуда. Шақырылған құрметті қонақтардың құрамында SounDrama студиясының көркемдік жетекшісі, режиссер, музыкант Владимир Панков; музыкант, композитор, әртіс, педагог Владимир Нелинов бар.

Іс-шара «дөңгелек үстел» түрінде өтуде, онда қазіргі заман театрларының өзекті мәселелері, актерлер, режиссерлер, өнер қайраткерлерінің әлеуметтік шарттары, сондай-ақ отандық театрлар жұмысының нәтижелілігі мен жетістіктері талқылануда.

Аталмыш шара 13-ші сәуірге дейін жалғасады.