Алматыда «телеарнашылар» телерадио хабарларын таратуды дамытудың құқықтық мәселелерін талқылады

Бұл жолғы алқалы жиын барысында телеарналардың, операторлардың, дистрибьюторлардың құқықтық іс-қимылдар мәселесі, электрондық БАҚ саласындағы авторлық және аралас құқықтарды сақтау мәселелерін реттеу, Қазақстандағы хабар тарату нарығындағы бәсекелестікті қорғау кеңінен талқыға түсті.

Ұлттық телекоммуникациялық қауымдастық өкілі Евгений Малишевскийдің атап өтуінше, бүгінде байланыс операторлары телевизиялық арналарды тарата отырып, авторлық және аралас құқықтар нысанын пайдаланбайды. Тек өзгеріс күйде сандық телевизиялық сигналдарды беруде.

«Егер байланыс операторы іс жүзінде телебағдарламаларды құруды жүзеге асыратын болса, онда ол телетаратушы ретінде қарастырыла алады. Бұл жағдайда ол зияткерлік қызмет нәтижесінде қорғалатын авторлық және аралас құқықтың сақталуын қамтамасыз етуі және өзінің қарым-қатынасын құқық иеленушілермен лицензиялық келісімшартпен рәсімдеуі тиіс. Мұндай болмаған жағдайда ол авторлық және аралас құқық үшін қаламақы төлеуі қажет», - деді Е.Малишевский.