Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, Алматы облысының Алакөл ауданының Бескөл ауылында қонақта жүрген жас жігіт 14-қараша күні полицияға жасырын телефоннан қоңырау шалып, "Сайран" халырақалық автовокзалында мина қойылғандығы туралы хабарлаған. Аталмыш жерге келген қаланың шұғыл қызметі бір жарым сағат бойы жарылғыш затты іздеген. Бірақ, хабарлама расталмады.
Полицейлер "қалжыңбасты" тек екі ай өткеннен кейін, ол өз үйіне қайтқанда ғана ұстады. "Жас жігіт өзіне тағылған айыпты мойындап отыр. "Туыстарының үйінде жатып зеріккен қылжақбас орынсыз қалжыңды ермек етпек болған",- дейді полицейлер.
Телефон террорисі қаладан шықпау туралы қолхат беріп, босатылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті