Апталық аясында Алматыда сондай-ақ, 10-шы KITEL-2003 көрмесі , телекоммуникациялар жөніндегі дөңгелек үстел , және кәсіпорындарды автоматтандыру мен компьютерлік бағдарламалар жөніндегі "Software Showcase 2003" атты 3-халықаралық көрме өтеді. Сонымен бірге Ұлттық телерадиотаратушылар Қауымдастығының бірқатар дөңгелек ұстелдері ұйымдастырылады деп күтілуде.
Телекоммуникациялар мен компьютерлік технологиялардың Орта Азиялық 10-шы KITEL-2003 халықаралық көрмесі ТМД аясында Мәскеуде өткен "СвязьЭкспокомм" көрмесінен кейінгі ауқымды шараға саналады.
Көрме мұрағаттары телекоммуникациялық жабдықтар мен ақпараттық технологиялардың жетістіктерін жан-жақты паш етеді. Көрмеде мынадай секциялар жұмыс істейді: телекоммуникациялар, системы телерадиотарату жүйелері, интернет, компьютерлік және ақпараттық технологиялар, банк және кеңсе технологиялары, қауіпсіздік жүйелері , білім беру.
Көрменің жалпы аумағы 8,5 мың шаршы шақырымды құрайды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 30 процент ауқымды. KITEL-2003 көрмесіне Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Литва, Корея, Польша, Сингапур, Израиль, Италия, Франция, АҚШ, Финляндия және басқа да елдерден 350 компания қатысуда.
Көрмені ұйымдастырушы ITE и ITECA компаниясы өкілдерінің айтуынша , биыл Қазақстаннан қатысушылар санының былтырғыдан 30 процент артуы отандық ақпараттық технологиялар рыногінің әлеуетін айғақтаса керек.