Алматыда теннистен жасөспірімдер арасындағы «Көктем» турнирі аяқталды


Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл жарыста 1995-2000 жылы туғандар бірінші, ал 2000 жылы туғандар мен одан кішілер екінші топқа бөлініп өзара сайысқа түсті. Бірінші топта қыздар арасында Зарина Мұхамеджанова, ұлдар арасында Дмитрий Ким жеңімпаз атанды. Зарина ақтық сында Изабелла Исмаилованы (6:2, 4:6, 6:3) ұтты. Дмитрий болса Влад Роменскийден 6:4, 6:2 есебімен басым түсті. Екінші топта ақтық сында Әлібек Айдаралыны 6:2, 6:1 есебімен жеңген Дмитрий Безбородов пен қыздар арасында өз аттасы Анастация Захаровадан (2:6, 6:2, 6:4) басым түскен Анастасия Астахова үздік атанды.