Алматыда терезеден қоқыс лақтырғандардың видеосы жарияланды

Шамамен 20 қабатты ғимарат жаңадан салынып жатса керек. Сыртқы келбеті соған меңзейді. Зәулім құрылыс әдемі-ақ тұрғызылып жатыр екен. Тек, ең жоғарғы қабаттарының терезелерінен қоқыс біткен ытқып ұшып жатыр. Ерінген жұмысшылар ештеңені қаперге алар емес. Алда-жалда біреудің басына түсер-ау деген ой ешкімнің басына кірмейтін сияқты. Елімізде осындай қоқысты қолымен алып шығуға ерінетіндердің кесірінен майып боп жатқандар да бар. Былтыр Ақтауда 8-ші қабаттың терезесінен тасталған теледидар 4 жасар баланың басына түскен еді. Бүлдіршін мүгедек боп қалды.  

Loading...