Алматыда тергеу абақтысына ұялы телефон алып өтпек болған азамат ұстады


Бұл туралы Алматы арнасы хабарлады

«Ұялы телефон тәркіленіп, іс әкімшілік сотқа жолданды. Сот шешімі бойынша әкімшілік кодекстің 481 бабына сәйкес қорғаушыға ескерту жасалып, ұялы телефон тәркіленді», - деді Алматы қаласы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ла 155/1 мекемесі басшысының орынбасары Әбдірахман Әбділдин.

Жыл басынан бері тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды азық-түлік және киімге тығып 24 адам алып өтпек болған. Мекеме қызметкерлерінің сөзінше, соның ішінде 18-і сотталушының туысқандары болса, қалғаны олардың қорғаушылары. Олар көбіне ұялы телефон, ақша және есірткі кіргізуге талпынады. Сондай-ақ жыл басында тергеу изоляторының екі қызметкері пара алу арқылы жазаға кесілгендерге байланыс құралымен қамтуды көздеген.