Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 20-тамызда күннің бірінші жартысында ЛА-155/1 мекемесінің "қабылдап-өткеру" шараларына арналған ғимаратында "танысына азық-түлік салынған дорба бермек болған"26 жастағы еркек ұсталды. "Оны мұқият тінту барысында дорбаның ішіндегі кәмпиттің ішіне тығылған героинн табылды",- деп хабарлады баспасөз қызметінің қызметкерлері. "Куәлердің қатысуымен тәттінің ішінен бір грамм героин алынды", деп қосты олар.
Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлерімен ЛА-155/1 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері "тергеу изоляторына есірткі өткізу жаспарланғандығы туралы расталған ақпарат алған".
Алматы ішкі істер департаменті қызметкерлерінің мәліметтеріне сүйенсек, "үстіміздегі жылы изоляторға есірткі өткізбек болған бірнеше деректің жолы кесілген".