Алматыда Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін футболдан жасөсіпірімдер турнирі өтіп жатыр

Онда «Қайрат-2» мен «Қайрат» МФК, «КДЮСШ-3» пен «Қайрат-1» ақтық финалға шығу үшін таласады. Бұл ойында жеңіске жеткендер ертең ақтық сында бірінші орынды, ал жеңілгендері үшінші орынды сарапқа салатын болады. Бүгін сондай-ақ, «ЦСКА» мен «ФШМ» 5-ші орынға, «Еңбек» пен «Жеңіс-Атлетик» 7-ші орын үшін өзара күш сынасады.

Он бірінші маусымда басталған бұл байрақты бәсекеде «Қайрат-1» «Қайрат» МФК-ні 2:0, ал «Енбекті» 9:0 етіп ұтқан болатын. «Қайрат-2» «КДЮСШ-3» командасына 0:2 боп ұтылғанымен, "ФШМ" командасынан 3:0, «КДЮСШ-3» командасынан 9:1, «Жеңіс-Атлетик» командасынан 4:0 есебімен басым түсті. "Қайрат" МФК болса "Қайрат-1" футболшыларына ұтылғанымен «ЦСКА» аяқдопшыларын 5:0 есебімен тізе бүктірді. «КДЮСШ-3» «Қайрат-2» командасын алдымен 0:2 етіп ұтып, екінші кездесуде 1:9 боп жеңілді, ал ақтық сында «ФШМ» командасынан 4:2 есебімен басым түскен болатын.