Оқиға салдарынан әйел мен кішкентай үш бала да қайтыс болды. Үшеуі оқиға орнында көз жұмса, балалардың бірі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған. Олардың үлкені 2015 жылғы, екіншісі – 2016, үшіншісі – 2019 жылғы сәби.
«Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - делінген аталған хабарламада.