Алматыда "Тойота Лэнд Крузер" автокөлігінің өртенуі салдарынан екі адам мерт болды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 23-қаңтарда 21 сағат 55 минутта Медеу ауданында Бутаковка ықшамауданына баратын жолда А169 КР деген мемлекеттік номері бар "Тойота Лэнд Крузер" автокөлігі өртеніп кеткен. Өртті сөндірген кезде оның ішінен екі адамның мәйіті табылды. Олардың аты-жөні анықталуда.

ІІД-нің ақпаратына сәйкес, автокөлік "Алеф" атты ЖШС-іне қарасты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті