Бұл туралы Caravan.kz медиа поралы хабарлайды.
Баспасөз жиынына Томиристің жастық шағын сомдаған "Назар" тобының әншісі Салтанат Серкебаева мен Томиристің патшайым болған шағын сомдаған Альмира Тұрсын қатысты.
Баспасөз жиыны кезінде фильм режиссері Ахан Сатаев журналистердің бірнеше сұрақтарына жауап берді.
"Бұл фильмді 3 жыл бойы дайындадық. Бұл картинаға мықты мамандардың барлығы қызмет етті. Көзге көрінбейтін, бірақ көзге көрініп тұратын істердің барлығын нағыз хас шеберлер қатысты", - деп жауап берді режиссер.
3 миллиард теңге жұмсалған фильм неге қазақ тілінде сөйлемейді деген журналистердің сұрағына режиссер былай жауап берді:
"Сөзсіз,толығымен қазақ тілінде дыбысталған нұсқасы бар. Қазақ елі болғандықтан да, алдымен қазақша нұсқасын дыбыстаған едік!
Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлт үшін жасалған маңызды қадам. Фильмнің соңында жазылатын титрлер (түсіру тобы мен актерлық топтың аты-жөндері жазылатын бөлім) латын әліпбиіне аударылу барысында көптеген грамматикалық қателердің анықталуы және топ мүшелері мен актерлардың аты-жөндері құжаттарға сәйкес келмеуіне байланысты кешіктіріліп жатыр. Құқықтық тұрғыдан біз мұндай қателермен көрсетілімге жібере алмаймыз. Шұғыл түрде аталмыш мәселені шешу үстіндеміз.
Бұны ақталу емес, сіздерге мән-жайды түсіндіру деп қабылдайтындарыңызға үміттенеміз. Фильмнің қазақша нұсқасы уақытылы дайын болмағанына, көрсетілімге кешігіп шығуына өкінішпен алдарыңызда кешірім сұраймыз. Екі-үш күнде бұл мәселе шешуін тауып, киномызды ана тілімізде еліміздің барлық кинотеатрларында көре алатындарыңызға сенім білдіреміз", - деп жауап берді режиссер.
Фильмнің тұсауы кесіліп, көпшілік қауым картинаны тамашалағаннан кейін көрермендер ұзақ уақыт қол соғып, өздерінің таңданыстарын жасыра алмады.
Естеріңізге сала кетейік, сақ патшайымы "Томирис" туралы фильмді бүгіннен бастап, яғни 27 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалай аласыздар.