Алматыда төрт адам көмір қышқыл газынан уланып ауруханаға жеткізілді

ТЖМ мәліметтері бойынша, Алматыдағы жер үйлердің бірінде 4 наурызда 11 сағат 38 минутта көмір жағатын пештің ақауы салдарынан үш адам көмір қышқыл газынан уланып, ауруханаға жеткізілді. Олардың қатарында 6 жастар бала да болды", - деп түсіндірді ТЖМ.

Сонымен қатар "Алматы қалалық құтқару қызметінің" баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Алматыда Бостандық ауданында 4 наурызда 7 сағат 19 минутта төрт қабатты үйдегі бір пәтердің балконында өрт шыққан. Өрт жалыны екінші қабаттан үшінші қабатқа жайылып 20 шаршы метр жерді өртеп үлгерген.

"Өрт салдарынан бір адам көмір қышқыл газынан уланып, жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізілді ", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.