Алматыда төрт адам, соның ішінде екі бала көмірқышқыл газынан уланды

Қайғылы оқиға Ақбұлақ ауылындағы бір жеке меншік үйлердің бірінде болған. Көмір жағатын пештің ақауы салдарынан төрт адам, соның ішінде 2003 және 2004-жылы туған екі бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.