Алматыда төрт автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адам зардап шекті

Жол апаты 9-ақпанда Байтұрсынов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында болып, "Ниссан", "Нива", "Тойота" және "Мудан" автобусы соғысты. Апат салдарынан автобустың жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.