«Аталған кезеңді табыспен өткізу біздің республиканың иммиджіне оң ықпал етеді және келешекте әлем Кубогының қысқы кезеңін және әлем чемпинатын өткізуге өтінім беруге мүмкіндік ашады», - делінген бейсенбі күні таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай жарыстарда Ресей, Польша, Норвегия, Франция, Болгария, Чехия, Жапония, Австрия, Словения командалары қатысады. Сондай-ақ Корея, Қытай, Германия, Словакия, Швейцария, Финляндия, Эстония, Канада, Италия, Түркия мен АҚШ командалары келеді деп күтілуде.
Ресми ашылу халықаралық трамплиндер кешенінде өтеді. Бұл жарыс жыл сайын Халықаралық шаңғы федерациясымен (FIS) өткізіліп тұрады.