Алматыда Тұманбай Молдағалиевке арналған ескерткіш тақта ашылды

"Бұл шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, Алматы мен Астананың шығармашылық зиялы қауымы, ақынның туысқандары мен оның шығармашылығын қастерлеушілер қатысты», делінген бейсенбіде әкімнің баспасөз қызметінен таралған ақпаратта.

Ескерткіш тақта Т.Молдағалиев өмір сүріп, еңбек еткен үйдің қабырғасына, Амангелді мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысына орнатылды.

Т.Молдағалиев мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Физули атындағы халықаралық сыйақының жүлдегері. Оның өлеңдері әлемнің көптеген халықтарының тіліне аударылған. Көзі тірісінде ақынның 50 шақты өлең жинағы жарық көрді. Сонымен қатар Қазақстанда Т.Молдағалиевтің шығармаларының 14 томдық жинағы баспадан шықты.


Жазушының көзі тірісінде КТК арнасына берген сұхбатын мына жерден тамашалаңыздар  Тұманбай Молдағалиев (24.04.2011)