Алматыда түнде 75 жол апаты болып, 17 адам зардап шекті

Алматыда 16 қарашада түнде жауған қардың салдарынан қала көшелерінде 75 жол көлік апаты болды. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Жол апаттарының көпшілігі қыс мезгіліне бірден бейімделе алмаудан және сақтық ережелерін ескермеуден болған. 

Жалпы өткен түннен бері орын алған жол апаттарынан оңтүстік астанада 17 адам зардап шеккен. Олар жеңіл-желпі жарақат алған.

Алматы қалалық ІІД-ның жергілікті полиция қызметінің бастығы Жасұлан Бәйкеновтың айтуынша, Алматы көшелерінде жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы өтіп жатыр. Оның мақсаты адам өліміне әкеп соғатын жол көлік апаттарының алдын алу. Сол себепті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін сақтауға шақырамыз", - делінген қалалық ІІД таратқан ақпаратта.

«Бұл әсірере ауа райының аса қолайсыз кездерінде маңызды. Сондай-ақ көліктерді қысқы мерзімге дайындаудың да қажеттілігін атап өтеміз» деді Ж. Бәйкенов.