Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Caravan.kz тілшісі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарламасында: «Қазгидрометтің болжауынша, ақпанның 3-інен 4-іне қараған түні қар көп түседі. Түнде және таңертең жолдарда қар тазалайтын техникалар жұмыс істейді, осыған байланысты жол қозғалысында қиыншылықтар туындауы мүмкін», - делінген.