Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қаладағы түнгі клубтарында бірнеше рет есірткіні пайдаланғандар қолға түскендіктен, құқық қорғау органдары көңіл көтеретін мекемелердің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп іс-қимылдарды жүргізу жөнінде тәжірибе енгізуді жөн көрді. "Іс жүзінде, түнгі клубтарға келетіндер ешбір кедергісіз есірткіні сатып алып пайдалана алады ", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.
"Бүгінгі күні заң бұзушылықтары анықталған алты түнгі клубтың қызметі тоқтатылды. Бұл мекемелерде есірткі заттары сақталып, пайдаланылғаны жөнінде деректер айқындалып, клуб иелеріне қатысты деректер сотқа жіберілді. Біздің пікірімізше, көңіл көтеретін мекемелер полиция қызметкерлерімен есірткіге қарсы күресте тізе қоса көмек көрсететініне сенеміз", - деді есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Кебекбаев.
Оның сөздері бойынша, есірткіні пайдаланғандар мен оны сататындарды анықтау тәсіліне қауіпсіздік қызметкерлерін оқыту жоспарлануда. Ол атап өткеніндей, көңіл көтеретін мекемелерінде орнатылған заманауи бейнеқұралдары есірткіге қарсы күресте , қауіпсіздік жүйесінде және түнгі клубтарға келетіндерді бақылау жұмысында үлкен көмек көрсетеді
Полицияның мәліметтері бойынша, бүгінде Алматыда жасы 16 мен 25 аралығында 8 мыңнан аса есірткіге тәуелді адамдар тіркелген.