Қазақстан халықаралық арбитражын заңды және жеке тұлғалардың арасындағы азаматтық-құқықтық дау-дамайларды реттеу үшін қазақстандық бір топ заңгер 2004-жылғы желтоқсан айында қабылданған "Аралық соттар туралы" және "Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы" ҚР заңдарына сәйкес құрған, деді М.Сүлейменов.
Оның айтуынша, жалпы юстициялық соттармен салыстырғанда арбитраждық сот тараптар үшін кейбір артықшылықтарға ие. Мәселен, процесске қатысушылар кәсіби шеберлігіне қарай өздерінің көңілінен шығатын арбитрді өздері таңдай алады, сондай-ақ, әділдігіне күмән келтірген судьядан бас тартумен бірге сот мәжілісін өткізетін орын мен тілін таңдай алады. Ал арбитраж даудың тез арада шешілуінен және іс туралы ақпараттың жария болмауынан мүдделі.
М.Сүлейменов отандық кәсіпорындар ендігі жерде өзара дау-дамайларын қазіргі дәстүрге сәйкес шетелдік арбитрлердің көмегіне жүгінбей, Қазақстандық арбитрждың төрелігіне сенім артады дегенге үміт білдірді.