Алматыда тұрғын үйде газ шығуы салдарынан өрт шықты. 7 жастағы екі бала зардап шекті

Мекеме ақпаратына сәйкес, 2 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 21-қыркүйекте Әуезов ауданы Қалқаман ауылындағы бес қабатты үйде шыққан.

Өрт салдарынан осындағы бір пәтерде тұратын 7 жастағы екі бала күйікке шалдығып, ауруханаға жеткізілді.

Ғимарат конструкциялары құлаған жоқ. 6 пәтердің есіктері мен терезелеріне зақым келді, 15 пәтерге газ жіберу уақытша тоқтатылды.

Өртті төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері келгенге дейін жергілікті тұрғындар сөндіріп үлгерді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті