Алматыда тұрғын үйдің жертөлесінен төгілген сынап табылды

Мекеме ақпаратына сәйкес, №2 ықшамаудандағы бір үйдің жертөлесінде 100-200 грамм сынап төгіліпті. Сынапты үйдің 34 жастағы тұрғыны кеше тауып алған.

Қазірде құтқару қызметінің қызметкерлері сынапты жинап, аумақты бейтараптандырды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті