Алматыда тұрғын үйлердегі өрттерден екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды



Атап айтсақ, 19 тамыз күні кешке Түріксіб ауданындағы әскери қалашықта екі қабатты, 4 подъезді тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртеніп, тілсіз жау шатырға қарай ойысты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлау және өрт сөндіру жұмыстарының барысында "56 жастағы ер адам мен 54 жастағы әйелдің мәйіттері табылды".

Өрт сөндірушілердің мәліметіне сәйкес, "өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыды, 25 адам көшірілді". Өрт 00 сағат 42 минутта сөндірілді". "Өрттің себебін тексерумен Алматы қалалық өртке қарсы күрес департаментінің анықтау бөлімі айналысуда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 тамыз күні таңертең Жетісу ауданындағы Заря Востока ауылында екі қабатты жай үй өртеніп, жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыды. "Өрт салдарынан үйдің 41 жастағы тұрғыны қолынан 2-3 дәрежелі күйікке шалдығып қалалық № 4 клиникалық ауруханаға жатқызылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.