Балалар алаңқайына жиналған тұрғындар бүгін аула тазалығы, үйдің жөндеу жұмыстары сияқты мәлелерді айтып жатқан жоқ. Бұлардың ендігі жалғыз тілегі – пәтер иелері кооперативін алмастыру. Бұрынғысынынан барлығының көңілі қалған. Айтуларынша, 6 жылдан бері подьезд қабырғалары бірде-бір рет сыланған емес. Бірақ ақша дер кезінде жиналады екен.
Гүлбаһрам Османова, Алматы қаласының тұрғыны:
- Қыста қар күрелмейді. КСК-ға кемпірлер барса, біреуінің қолын сындырып, біреуінің көзілдірігін лақтырып, теуіп, екеуін қуып шықты.
Сондықтан қалта қамын ғана күйттейтін төрайымнан құтылуды шештік дейді тұрғындар. Сөйтіп, басқа кооперативке ауысыпты. Бірақ ескісі жаңасына құжаттарды қайтармай жүр екен. Мән жайды білмекке пәтер иелері кооперативіне біз де бардық. Тек төрайым бүгін басқаша сөйледі. Айтуынша, тиісті қағаздарды әкелсе болғаны, құжаттарды түгел қайтарғалы отыр.
Вера Косолапова, пәтер иелері кооперативінің басшысы:
-Құжатымызды алып кетеміз деп шешім қабылданған жиналыстың хаттамасы мен жұртшылықтан алған сауалнамаларыңды әкеліңдер дедім. Оларды қайтару үшін бізде де негіз болуы керек.Осы қағаздарды әкелсе болды. Құжаттарды ешкім ұстамайды. Маған олардың ешқандай қажеті жоқ.
Осылайша, пәтер иелері кооперативінің басшылығы уәдесін берді. Барлығын ретке келтірсе, тұрғындар көптен күткен құжаттарын маусымның 22-де алмақ. Бірақ тұрғындар төрайымға бұл жолы да сенген жоқ. Десе де, егер келесі аптада құжатты қолға ұстамасақ, жаға жыртысқанның көкесін сонда көрсетеміз деп тарқасты.
Loading...