Бұл Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесі. 2 мыңыншы жылдары мұнда сауна болып, өртеніп кеткен. Ал 2005 жылы пәтер иелері кооперативінің төрағасы осы және тағы бір жертөлені тұрғындардың келісімінсіз жекеменшікке сатып жіберіпті. Содан бері үйдің астыңғы бөлігі біреуден-біреуге өтіп, осымен 4-ші қожайыны иеленіп отыр екен.
Гүлзира Ысқақова, Алматы қаласының тұрғыны:
-Дәл сол қожайындар қос бірдей жертөлемізді бір-біріне сатып отырған. Олардың ең соңғысы Тойкина деген қожайын біздің бір тұрғынымызды сотқа берді. Негізі жертөлелер кондоминимум нысаны болғандықтан тұрғындарға тиесілі болу керек қой.
«Заттарымызды алмаймыз» деп жүргенде сатып алған қожайыны босатып бермедіңдер деп осы кісіні сотқа берген. Ал сот істі жертөленің жаңа қожайынының пайдасына шешіп, тұрғынға 77 мың теңге айыппұл салған. Өзі көпбалалы ана, 40 мың теңге жалақымен күнелтіп отырған Роза Өтелбаева енді сол соманы бірнеше айға бөліп төлемек.
Роза Өтелбаева, Алматы қаласының тұрғыны:
-Сот орындаушысы менің бухгалтерияма апарып оны берген. 50 процент жалақыдан ұстайсың деген. Солақпан айынан бастап ұстап жатыр.
Дау көпқабатты үйдің шатырына да қатысты болып тұр. Кооперативтің бұрынғы төрағасы үйдің асты былай тұрсын, төбесін де саудалап жіберіпті. Мұнда да шатырға кіретін жердегі есікті батпандай қара құлып күзетіп тұр.
Мәселенің мән-жайын анықтау үшін пәтер иелері кооперативінің төрағасына барсақ, ол менің бұл іске еш қатысым жоқ деп ат-тонын ала қашты.
- Жертөле маған дейін сатылып кеткен. Менің қандай қатысым бар бұған? Кетіңдер.
Не пәтер иелері кооперативінен, не соттан қайыр таба алмаған тұрғындардың амалы құрып отыр. Олар енді тағы да сотқа барып қарсы шағым жасап, жертөлені қайтарып алуға үміттеніп отыр.
Loading...