2015 жылдың 13 ақпанында сағат 11:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай және «Алматы - ислам мәдениетінің астанасы-2015» бағдарламасы аясында «ТҮРІКСОЙ ғылым, білім және мәдениет орталығының» ашылу салтанаты өткізіледі.
Жиынға ТҮРІКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстан елдерінің Қазақстан Республикасындағы елшіліктерінің қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты Алматыдағы түркітілдес халықтардың этномәдени бірлестіктер және зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатысады. Шараның мақсаты - түркітілдес халықтардың бай рухани мұрасын зерттеу ісі мен бүгінгі тәуелсіз түркі мемлекеттерінің өзара халықаралық қатынастарын зерделеу бағытындағы жұмыстарды үйлестіруге үлес қосу, Қазақстандағы түркітілдес халықтардың достық қатынастарының дамуына серпін беру.