КІТҒ -2005 жәрмеңкесіне әлемнің 25 елінен өкілдер қатысуда. Соның ішінде Австрия, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Греция, Египет, Испания, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Бірікке Араб Әмірліктері, Ресей, Сейшель аралдары, Сингапур, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Чехия мен Финляндиялық туристік фирмалар қатысуда.
КІТҒ -2005 жәрмеңкесінің аясында компаниялар мен жекелеген жобалардың тұсаукесерін ұйымдастыру, семинарлар, клуб түріндегі шаралар, қонақасы беру , қабылдаулар ұйымдастыру және түрлі шоу-бағдарламалар ұйымдастыру көзделген.
Жәрмеңкенің ашылуына байланысты Алматыда "Қазақстанның туристік картасы" атты қалалық театрландырылған қойылым ұйымдастыру жоспарланған. Қойылым шеңберінде қазақ халқының тарихынан көріністер әзірлеп, ұлттық мәдени орталықтардың, ән-би топтарының концерттерін ұйымдастыру көзделген. Шоу-бағдарламаға барлығы 1000-дай адам қатысады.
Туристік жәрмеңкеде ұлттық туристік ұйымдар, туроператорлар мен турагенттіктер, әуе желілері мен әуе агенттіктері, мейманханалар мен пансионаттар, дауажайлар, ұшақ билеттерін сату және алдын-ала тапсыру, транспорттық агенттіктер, білім беру бағытындағы туризм, сауықтыру орталықтарында ем қабылдау мақсатындағы туристік саяхаттар, туризм саласындағы ақпараттық технологиялар сынды экспозициялар жұмыс істейді.
Көрмеге 20 мыңдай адам келеді деп күтілуде.