Алматыда түркі мәдениеті мен мифологиясы туралы бейне ойын таныстырылды

Жобаны Аида Қуатқызы, Назым Жұмабаева, Алина Мурадова және Әлия Кенжебековадан құралған Umai Gaming командасы әзірлеп, іске асырды.

Iz – шытырман оқиға элементі бар 2D пиксельді рөлдік ойын. Ойыншы мифтегі зұлым жаратылыстың қолына түскен әпкесін құтқаратын қыздың рөлін ойнайды. Бұл шамамен XV ғасырда болған. Ойында түркі және қазақ мифологиясының, ертегісінің, повесінің элементтері мен кейіпкерлері бар.

Жобаның мақсаты ойын саласындағы түркі халықтарының мәдениетін насихаттау. Команданың айтуынша, сюжеттің, кейіпкердің, локацияның, дыбыстардың және ойын механикасының көмегімен олар ойыншыға мәдениет пен фольклордың ерекшеліктері туралы әңгімелейді.

- Университетте оқу барысында, ойындарды әзірлеу курсы аясында біз бүкіл әлемдегі ойын нарығын зерттедік. Түркі мәдениеті бойынша ойындар өте аз екенін байқадық. Алайда, грек, скандинавия, жапон мифологиясында әртүрлі жанрлар мен суреттерде оның көпшілігі бар. Содан шабыт алғасын мәдениетіміз бойынша өзіміздің ойынды жасауды шештік, - дейді команда.

Қыздар әзірлемені 2022 жылдың тамызында бастаған. Қазір бірінші бөлім іске асты, ол барлық әдісті және сюжеттің белгілі бір бөлігін қамтитын толыққанды ойын. Команда әзірлемені жалғастырып, ойынның жалғасын шығаруды жоспарлап отыр. Жоба Астанадағы GoViral 2023 фестивалі және Бішкектегі Central Asia Game Show 2023 ойын көрмесі сынды екі халықаралық іс-шарада таныстырылды.

Ойын Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2022 жылы күзде алған гранттық қолдауының арқасында іске асып, дамыды. «ЖасSTAR Grants Program» шығармашылық жобалар байқауына қатысу мен ұтып алуды жобаның бастамасы деуге болады.

Ойын nazym.itch.io/iz-2d-game сілтемесі арқылы қолжетімді. Келесі жылы әзірлеушілер оны Steam-ге қосады.