Алматыда түрмеде жазасын өтеушілер аштық жариялап, темір-терсектерді жұтып қойған

Қамаудағылардың айтуынша, олар жұмыс істейтін «Еңбектас» кәсіпорыны екі жарым айдан бері айлықтарын бермей, әбден басынып алған көрінеді. Темір тордың ар жағындағылармен әріптесім Ерқанат Көпжасар тілдесіп келген еді, деп хабарлайды 31 арна.

Ақша жоқ дейді, жұмыс істетеді, бірақ, ақшамызды төлемейді.

Ла 155-те 13 мекемесінде жазасын өтеушілер жеңіл қылмыс жасағандықтан таңертең қалаға жұмысқа кетіп, кешке қайтып келеді. Темір қоршау мен қаптаған күзетшілер болмаса кәдімгі жатақxана секілді. Айлығын ала алмай наразылық білдіріп темір-терсек жұтып алдым деген Еркебұлан өзіне көмек көрсетуге келген жедел жәрдемді кері қайтарып жіберіпті. Жұмыс беруші жалақысын бермесе өлуге де дайынмын дейді.

Еркебұлан Кенжеғараев, Ла-155/13 мекемесінде жазасын өтеуші:

– Мен қазір ашықтамын. Аштық жариялап отырмын. И ішімде болт бар. Темір жұтып жатырмын. Осыны операция жасайтын кезде, менің жанымда телевидение болса деймін. Прокурор болса деймін және менің жақын адамдарым болса деймін.

«Еңбектас» кәсіпорны колониядағы отыздан астам жұмысшыға берешегі бар көрінеді. Екі жарым айдан бері жазасын өтеушілердің айлығын бермеген компания сотталғандарға қайда- барсаңдар онда барыңдар, деп доқ көрсетті дейді сотталғандар.


Еркебұлан Кенжеғараев, Ла-155/13 мекемесінде жазасын өтеуші:

– Керек болса мен саған шақырып беремін. Ешкімнен қорықпайтынын айтып жатыр. Жаза бер, қайда жазсаң онда жаз деп отыр. 

Ал серіктестік басшысы сұxбат беруден үзілді-кесілді бас тартты. Бірақ колония жұмысшыларының жалақысы бүгін-ертең түседі деп уәде берді.

Уәлихан Базарлинов, «Еңбектас» ЖШС өкілі:

– Сомен айлық беріле ме, берілмей ме?! Қазір мына головной неден ақша сұрап жатырмыз. Қазір беріледі. Қазірше нетіп жатырмыз. Қашан беріледі?! Бүгін ертең Астанадан ақша сұрап жатырмыз. Бүгін ертең шешіледі.

Колониядағы аштық жариялаған азаматтар жұсыс беруші кәсіпорын жалақыларын бермейінше наразылықтарын тоқтатпаймыз деп отыр.