Алматыда тыйым салынған діни партияның мүшесі болып табылатын Өзбекстанның азаматы ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ұсталған азамат мемлекетаралық іздеуде жүрген және өз елінде ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталуда. "Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталғанның Алматы аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазір ұсталған Өзбекстан азаматы Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің уақытша тергеу абақтысына қамалған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті