Алматыда түнде тағы да жер сілкінді

Бұл туралы ТЖМ өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 28 қарашада Астана уақытымен 01 сағат 31 мин жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 км жерде орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер:
Есептік қарқындылығы Алматы қаласында 2 балды құрады.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.