Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы жолдарында киімсіз және іш киімсіз көлікпен жүрген 1997 жылы туған М.есімді азаматша мен 2003 жылғы Г.есімді азаматқа қатысты сот отырысы өтті.
«Құқық бұзушыларды Бостандық аудандық полиция Басқармасының қызметкерлері анықтады және ұстады. Олардың әдепсіз әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылықпен квалификацияланды. Істің материалдары сотқа жіберілді, оның шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі 1994 жылы туған К.есімді азаматқа қатысты да әкімшілік шара қолданылғанын айта кеткен жөн (ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 1-бөлігі). Оның жолаушысы - А.есімді азаматша көліктің люкінен ұялы телефонына жалаңаш адамдардың отырғанын түсіріп алған», - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Ұзабаев.