Алматыда үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығына арналған концерт өтеді

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында болатын бұл шараны «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. Онда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Сағызбай Қарабалинның сахналауымен үкілі Ыбырайдың өмірінен қойылымдық көріністер көрсетіліп, сыбызғы мен қобыз, домбыра аспаптарымен күйлер де ойналады. Әншілер Жоламан және Ерлан Құжимановтар, Қайрат Байбосынов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Нұржан Жанпейісов, Ерлан Ырысқали, Жасұлан Базарбеков, Талғат Әбуғазы, Самат Исаев өнер көрсетеді. Сондай-ақ Астанадан Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуші ақын Кәкімбек Салықов, Көкшетаудан жыршы-жырау, ақын Жұмабай Есекеев және Ақмола облыстық халық шығармашылық орталығының директоры, әнші Саян Мұхамедияр шақырылып отыр.

2010 жылы құрылған «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі бұған дейін Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Жаяу Мұса әндерінен түрлі концерттер ұйымдастырған болатын. Енді алдағы уақытта өнер сүйер қауымды Балуан Шолақ, Естай, Әсет, Мәди, Қапез, Кенен, Нартай, Жамбыл әндерімен сусындатпақ