Алматыда "Үкіметтік емес ұйымдар туралы" ҚР заңының жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізіледі

баспасөз қызметінен хабарлады.

Дөңгелек үстел барысында заң жобасына қатысты әзірленген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының түсініктемесі ортаға салынады.
Бюро түсініктемесінде заң жобасы Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту мен бірлестіктер құру бостандығына әсер-ықпалы тұрғысынан қарастырылған.
Дөңгелек үстелде Қазақстандағы Үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық ахуалы мен жұмыс істеу барысына аталмыш заң жобасы қалай әсер етеді деген мәселе талқыланбақ. Шараға қатысушылар үкіметтік емес ұйымдар туралы заңдарды одан әрі жетілдіруге негіз болатын бірқатар нұсқаулар жобасын дайындайды деп күтілуде.
Дөңгелек үстелге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының директоры Кристиан Строхал , сондай-ақ, мемлекеттік мекеме, сенат мәжіліс, халықаралық ұйымдар, елшіліктер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен сарапшылар қатысады.