Құжатта көрсетілгендей, ақша "үкімет - әкімдік - құрылыс салушы" кестесі бойынша бөлінетін болады.
"Үлестік құрылыс проблемаларын шешу үшін бөлінетін қайтарымды негіздегі 10 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында 100 пайыздың мемлекет қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) құрылады. Ол тұрғын үй құрлыс кооперативін құру жолымен 2 897 үлескерді қамтыған 7 құрылыс компаниясының 15 нысанының құрылысын аяқтайтын болады", - деп көрсетілген жарияланған материалда.
ЖШС Әділет министрлігінің органдарында тіркеуден өтуді аяқтап қалды, деп толықтырылып жазылған құжатта.