Алматыда үлкен теннистен ересектер мен әйелдер арасында турнир өтті

Сайыс қатысушылары мен қонақтарын Ақ Азиада-2011 белгілері - үрмелі ойыншықтар қарсы алды. Сонымен қатар, басқа да көрнекі құралдардың барлығы алдағы дүбірлі дода жайында ақпаратқа толы болды.

Ойын қорытындысында Дмитрий Дмитриев, Майкл Урлих және Антонина Громцевалар алдыңғы орынды жеңіп алса, Лаура Сарықұлова, Денис Валетов, Марат Шахворостовтар екінші, ал Шолпан Байділдина, Мұхтар Жансейітов пен Александр Цой есімді спортшылар үшінші орынға тұрақтады.
Жеңімпаздар Ақ Азиаданың белгісі бейнеленген естелік сыйлықтарға ие болды.