Қазір турнир кестесінде 1-турдың қорытындысы бойынша 18 ұпаймен Алматы облысының «Жетісу» командасы көш бастап тұр.
Ертең 2-тур павлодарлықтар мен теміртаулықтардың, астаналықтар мен өскемендіктердің, алматылықтар мен қарағандылықтардың ойынымен басталады. Бұл күні жұпсыз қалған жетісулықтар қарсыластарының әзірлігін бақылап, дайындығын пысықтай түсуге мүмкіндік алады. Биылғы маусымда ел чемпионы атанған олар 1-турды да жеңіліссіз өткізіп, өздерінің 2011/2012 жылғы маусымда да көшбасшылық тізгінді ешкімге оңайға бере қоймайтынын аңғартқан еді.