Алматыда ұлттық саз аспаптарын жасаушы шеберлердің I Республикалық көрмесі өтеді

Республикалық көрмесі өтеді.

Көрмеге аталмыш клубтың ағымдағы жылы ұлттық музыкалық аспаптар жасаушы жас шеберлерлер арасында өткізген байқау жеңімпаздарының жұмыстары, ұлттық музыка аспаптарының 50-ден астам түрі - қобыз, жетіген, шертер, дауылпаз, сазсырнай, зырылдауық, сондай-ақ, домбыраның алуан түрлері қойылады.

Ұлттық аспаптар түрімен қатар, алматылықтар мен қала қонақтары мұнда аспаптарды жасаушы жас шеберлермен танысуға мүмкіндік алады. Көрмеге конкурс нәтижесінде іріктелген республикамыздың 20 жас шебері қатысады.

Көрменің ашылуы сағат 16.00-де.

Қазақ халқы сонау көне дәуірден бастау алатын өзінің қайталанбас, бірегей қолданбалы өнер туындыларымен, жәдігер бұйымдарымен кең танымал. Осындай хас өнердің бірі - ұлттық музыка аспаптарын жасау. Халқымыздың аса бай музыкалық мұрасы, оның ішінде саз аспаптары бүгінде кәсіби музыка мәдениетінің асыл қорын молайтып, сарқылмас қайнар бұлағына айналып отыр.