Алматыда үнді фильмі түсірілуде

«Khushi Motion Pictures» Bollywood компаниялар тобының «Love you family» жобасының түсірілімі «Қазақфильм» АҚ-ның қатысуымен жүзеге асуда.

«ҚазТуризм» өкілі Марина Куртайдың сөзіне қарағанда, үндістандық қонақтарды Қазақстанның таулары тамсандырған. Фильм Ресей немесе Германияда түсірілуі мүмкін еді.

«Картинаның продюсері біздің тауларды Кашмир тауларымен теңестірді. Ол кей эпизодтарды Кашмир тауларында түсірмек болған. Бірақ қазір барлығын Алматыда түсіруді шешті. Мұндай жобалар халықаралық аренада еліміз үшін жақсы жарнама болады деп ойлаймын», - деп атап өтті ол.

Фильмнің жартысы Үндістан мен Таиландта түсіріліп қойған, оның соңғы бөлімі Алматыда жалғасады. Еліміздегі эпизодқа картинада 30 минут бөлінген. Түсірілім Республика алаңында, Шымбұлақ пен Көктөбеде өтетін болады.


Кинокартинаға белгілі үндістандық актёрлар Пардасани Акша Сунил мен Джоши Маной Наванет түсуде.